55 тонна мұнай өнімін заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

Бек ТӨЛЕУОВ

© ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті

Елімізден көрші Қырғызстанға заңсыз мұнай өнімін алып өтпекші болғандар қолға түсті, деп хабарлайды ЭК.

2021 жылы 10 маусымда "Айша бибі" өткізу пунктінде Жамбыл облысы бойынша МКД экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары, сондай-ақ ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері Қырғыз Республикасына бензинді заңсыз алып өтудің жолын кескен.

Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласқанымызда, қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

Жалпы саны 54,6 тонна "Күрделі сұйылтқыш" тауары тиелген қырғыз нөмірлері бар "ДАФ" маркалы автокөлік тексерілген. Тауарды жөнелтуші компания Тараз қаласында тіркелген. Күтіп алушы Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкері.

© ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті© ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті
© ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті

"Автокөлік ұсталғаннан кейін материал Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді. Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық кеден зертханасындағы физикалық-химиялық зерттеулер тауардың ілеспе құжаттарда көрсетілген тауарға сәйкес келмейтінін анықтады. Олар "сұйылтқыштың" орнына жалпы сомасы 7 млн теңгеге АИ-80 маркалы бензинді шығаруға тырысқан", — делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабының 3-бөлігі (мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау, сондай-ақ олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз мұнай өңдеу) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қылмыстық қудалау органы ҚР заңнамасы аясында сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров