Еліміздің бас қаласында карантин күшейтіледі

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Елордада 27-маусымнан бастап жаңа карантин жарияланды. Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қалада шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ЭК.

Қаулыға сәйкес, алдағы жексенбіден бастап бастап астанада "Ashyq"жобасына қатысатын нысандарда ғана еске алу шараларын өткізуге рұқсат етіп, өзге бұқаралық іс-шараларға тыйым салынған.

Мемлекеттік органдар мен компаниялардың әкімшілік қызметкерлерінің 80%-ын қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру көзделген. Соңғы 3-6 ай ішінде вакцинаның 2 компонентін алған және коронавируспен ауырып жазылған барлық қызметкер оффлайн режимде жұмыс істейді.

Сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін ашық болады. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.

ЖОО мен колледж студенттері емтихандарды үйлерінен тапсырады. Диплом алу салтанаты да онлайн режимде өтеді. Сондай-ақ мерекелік кештер өткізуге тыйым салынады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров