Алматының қайта "қызыл аймаққа" өту қаупі бар

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Шаһар әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматының қайта "қызыл аймаққа" өту қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы қала әкімі "Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" баспасөз конференциясында мәлімдеді.

"Эпидеологиялық жағдайға келетін болсақ, былтырдан бері 72 979 науқас тіркелді. Маусым айында ахуал біршама тұрақтанып, жасыл аймаққа өткен едік. Қазір жағдай күрделеніп келеді. "Үнді" штаммы күнде тіркеліп жатыр. Ай басында 100 адамнан тіркелсе, бүгінде 181 адамға дейін жетті", — деді Сағынтаев.

Жағдайдың тұрақтануына байланысты төсек-орын 1 480 дейін төмендетілген еді. Соның 33 пайызында қазір науқастар жатыр екен.

"Мамырда 9 939 науқас тіркелген. Енді бұл көрсеткіш күннен күнге көбейіп келеді. Сондықтан көп салалы үш аурухананы ковидті емдейтін ауруханаға айналдыруды бастадық. Жоспарлы емдеу тоқтатылды. Жақын күндері "сары аймақтан" "қызыл аймаққа" көшуіміз мүмкін", — деді қала әкімі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров