Туристер үшін Египетке жол ашылды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Енді вакцинаны толық алғандар Мысыр еліне саяхаттай алады, бірақ оның да талаптары бар, деп хабарлайды ЭК

Мысыр билігі туристерге қатысты жаңа қаулы шығарды. Құжат 2021 жылдың 1шілдесінен бастап күшіне енеді. Ол бойынша тек вакцина алғандар ғана Египетке бара алады.

Қолында екпе алғаны жөніндегі құжаты бар туристер Египетте ПТР тесттен өтуден босатылады.

Вакцинаның толық 2 компонентін саяхатқа шығар алдында 14 күн бұрын алу керек.

Мутацияға ұшыраған вирус анықталған елдерден баратындар үшін вакциналау құжаты болса да қосымша сақтық шаралары қабылданады, соның ішінде COVID жедел тест алынады.

Егер туристердің қолында екпе құжаты болмаса, олар міндетті түрде COVID-ке қарсы ПТР сынамасынан өтеді.

Вакцниалау құжатында QR-код міндетті түрде болуы керек.

Айта кету керек мутацияланған вирус табылған елдердің қатарында Үндістан, Бангладеш, Пәкістан, Бутан, Непал, Шри-Ланка, Вьетнам, Бразилия бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров