Түркістан облысында шөп бағасы бес есеге қымбаттады

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com / aibat_news

Түркістан облысындағы қуаңшылықтан шөптің бағасы бірнеше есеге қымбаттап кетті, деп хабарлайды ЭК.

Наурыз бен сәуірде жауын шашын аз болып, күн күрт ысып кеткендіктен енді бой көтере бастаған көк, буыны қатпай жатып қурап қалған. Салдарынан орылған шөп бес есеге дейін қымбаттап кеткен.

Мысалы, instagram-дағы Aibat ақпарат қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Орталық Азиядағы ең үлкен сауда алаңы орналасқан Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылындағы мал базарында былтыр шөптің бір бумасы 300-350 теңге тұрса, биыл 1 500 теңгеден сатылып жатыр екен. Енді қыстың қиын болатынын сезген шаруалар малын жаппай сатып жатыр.

35 мың тұратын қозылар қазір 17-16 мыңнан сатылып жатыр. 13 мыңнан да сатып жатырмыз. Сататын адам бар. Алатын адам жоқ. Қазір жалынып сататын болдық,

дейді жергілікті шаруа Нұрлан Жетпісов.

Қазір бұл өңірде төрт түліктің ішінде жылқы ғана құнын сақтап тұр . Былтыр 800 мың теңге болған жылқы биыл 1 миллион 200 мың теңгеге бағаланып отыр екен. Ірі қара керісінше, 30-40 мың теңгеге, ұсақ мал 20-30 мыңға арзандаған.

Ауыл шаруашылығы саласына жауапты шенеуніктер шөп пен жайылымнан тарығып, малдарын жаппай саудаға шығарып жатқан халыққа ешқандай көмек көрсетілмейтінін айтып отыр.

Облыста төрт түліктің саны 6 миллионнан асқан. Бірақ жайылымдық жер небәрі 612 мың гектар ғана. Яғни қажеттіліктен 25 есе аз. Тіпті, 152 елді мекеннің маңында мүлдем мал жаятын жер қалмаған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров