Әлімханұлы жеңіске жетсе чемпиондыққа таласуға мүмкіндік алады

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com / janibek_alimkhanuly

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының промоутері мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ЭК.

Отандасымыз 27 маусымда АҚШ-тың Невада штатына қарасты Лас Вегас қаласында жекпе-жек өткізеді. Бұл жолғы қарсыласы тәжірибелі АҚШ боксшысы Роб Брант.

Осы жекпе-жектің алдындағы баспасөз мәжілісінде Top Rank Боб Арум промоутерлік компаниясының жетекшісі қазақстандық боксшы бұл жолы жеңіске жетсе, келесі де титулға таласуы мүмкін екенін айтты. Яғни WBO тұжырымы бойынша бірінші орта салмақтағы мексикалық Хайме Муниямен кездесуі мүмкін екенін айтты.

Бұл керемет жекпе-жек болары сөзсіз. Ұзақ мерзімді жоспарымызда осы кездесудің жеңімпазы Муниямен жыл соңына дейін шығуы тиіс. Яғни осы кездесудің жеңімпазы орта салмақтағы әлем чемпионы атағына таласқанын қалаймыз,

деді Арум.

Жәнібек Әлімханұлы болса, өзінің инстаграм парақшасында қарсыласына "Қазақ стилін" көрсетемін деп уәде берді.

28 жастағы қазақстандық боксшы соңғы рет шаршы алаңға былтырғы жылдың қазан айында шыққан. Ол кезде екінші раундта аргентиналық Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров