Биыл Алматыға 1 трлн 200 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылған


Pixabay
Алматы қаласында бір тоқсан ішінде жұмыссыздық деңгейі елеулі түрде төмендеген, деп хабарлайды ЭК.
Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Биыл Алматыға 1 трлн 200 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Мұның өзі экономикаға жан біткенін көрсетеді. Әрине, көп ақша салынған сайын жаңа жұмыс орындары ашылады,
Десе де, шаһар басшысы бизнестің қаласы — Алматының пандемиядан зиян шеккенін ашық айтты.
Жұмыссыздық 5, 1 пайыздан, 5,3 пайызға дейін өсті. Іс жүзінде барлық жұмыс тоқтап қалды. Салықтың 64 пайызы шағын және орта бизнестен түседі. Экономикамыздың 45 пайызы орта және шағын бизнестің үлесінде,