Қазақфильмнің жері сатылмайды

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бақытжан Сағынтаев Қазақфильмге қарасты дау тудырған жердің сатылмайтынына кепілдік берді, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев "Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Бұл жер ешкімге сатылмайды. Бұған сенімді бола беріңіздер. Біз қазір Қазақфильммен бірлескен жобалар жасап жатырмыз. Бұл аумақ бұрыннан Қазақфильмге қарайды. Бір жобаны қолға алсақ, бұл жерді кешенді дамытуды көздейтін боламыз,

деді Бақытжан Сағынтаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров