Вакцина алмағандардың телефоны бұғатталады

Ержан ШАЙЖАН

©Reuters/Akhtar SOOMRO

Пәкістан билігі шілдеден бастап екпеден бас тартқан тұрғындардың ұялы байланысына шектеу қояды, деп хабарлайды ЭК елдің медициналық-санитарлық көмек департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пенджаб Хаммад Разаның сөзінше бұл шектеу шарасыздықтан жасалынып отырған қадам. Өйткені ел тұрғындары вакцина салдырмай жатқан көрінеді.

Бұдан бөлек баспасөз хатшысы екпеден бас тартқан мемлекеттік қызметкерлерге шілдеден бастап жалақы төлеу тоқтатылатынын да жеткізді.

Айта кетейік, елімізде вакцина салдырған тұрғындар арасында көлік, пәтер секілді бағалы дүниелерге ұтыс ойындары ұйымдастырылып, халықты ынталандыру шараларықолға алынып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров