200 теңгеден бас тартқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Ұлттық банк 200 теңгелік қағаз ақшалардың заңды төлем құралы екенін ескертеді, деп хабарлайды ЭК Интерфакс-Қазақстан агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық банкі Қолма-қол ақша айналысы департаментінің басқарма басшысы Динара Дәуітованың айтуынша, халық 200 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тартатын кәсіпкерлердің көп екенін айтып шағымданады.

Номиналы 200 теңгелік банкноттар — заңды төлем құралы. Ол 200 теңгелік монеталармен қатар айналыста жүреді. Аталған банкнотты төлемдердің, банк операцияларының және аударымдардың барлық түрлері бойынша қабылдауға міндетті,

деді Дәуітова.

Бұл банкноттарды банктердің барлық бөлімшелерінде және "Қазпошта" АҚ-да, сондай-ақ, Ұлттық банктің филиалдарында айырбастауға болады. Айналымнан тозығы жеткен кезде ғана алынады.

"Мұндай банкноттарды қабылдаудан бас тарту Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 206- бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке итермелейді. Егер сізден номиналы 200 теңгелік купюраларды қабылдамаса, онда жақын жердегі Ұлттық банктің аумақтық филиалына жүгінуіңіз қажет. Бейнетіркеу жүргізу немесе банкнотты қабылдаудан бас тартудың жазбаша негіздемесін талап етуді ұсынамыз", — деді Дәуітова.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың басында Ұлттық банк 200 теңгелік биколорлық темір ақшаларды айналымға енгізді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров