Торға қамалған жануарлар халық наразылығын тудырды

Фархат ӘБІЛОВ

instagram.com / help_animals_atyrau

Қала маңында орналасқан демалыс аймағындағы күннің ыстығында әлсіреп жатқан аю мен қасқыр көпшіліктің наразылығын тудырды, деп жазады ЭК.

Темір торда қамалып, әлсеріп жатқан аю мен қасқырды көрген демалушылар суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Осыдан кейін желі қолданушылары аңдарға аяушылық білдіріп, демалыс аймағының иесіне шара қолдануды сұраған.

instagram.com / help_animals_atyrauinstagram.com / help_animals_atyrau
instagram.com / help_animals_atyrau

Белгілі болғандай демалыс аймағының иесі бұл орынды үш жыл иелікке алған. Келісім-шарт жасағанда онда аңдармен бірге сатып алу қажеттігі көрсетіліпті, басқа амалы болмаған. Ал аңдарды Атырауға гастрольдік сапармен келген ресейлік цирк қарызы үшін осында тастап кеткен.

Қожайынның айтуынша, жаз мезгілі басталысымен барлық аңдар түлеп, қозғалыссыз жата береді. Сол себепті алаңдауға еш негіз жоқ, дейді. Қасқыр мен аю жем-сусыз жатыр деген ақпарат та шыңдыққа жанаспайды. Мейрамханадан тамақ қалдықтары мен арнайы тағамдар уақытылы беріліп тұратын көрінеді.

— Жануарларды бір жола босатайын десем өздігінен өмір сүре алмайды. Алматыдағы хайуанттар бағына хабарласып, тегін бергім келіп еді. Бірақ олар менің жануарларымның ешқандай асыл тұқымға жатпайтындығын айтып, алып кетуден бас тартты. Асырап, бағатын адам болса беруге дайынмын және бұл бағытта белсенділермен жұмыс істеп жатырмын, — деді демалыс аймағының иесі ЭК тілшісіне.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров