Күдіктіні азаптаған полиция қызметкерлері ұсталды

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз қызметі

Атырау облысында күдіктіні азаптап, жасамаған қылмысты мойнына ілмек болған екі шұғыл уәкіл ұсталды, деп жазады ЭК.

Атырау облысы Жылыой аудандық Полиция бөлімінің екі қызметкері біреуді күдікті деп ұстап, одан істемеген қылмысын мойындауды талап еткен. Кейін қамаудан босап шыққан азамат Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне арыз жазды.

Қазір екі полиция қызметкері ұсталып, Атырау қалалық уақытша ұстау қапасына қамалды. Енді өздері күдіктіге айналған полицейлердің жасы 28-де. Оларға қатысты ҚР ҚК 146 (Азаптаулар) және 362 (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал бұлтартпау шаралары ертеңге дейін белгіленетін болды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров