Субұрқақта тоқ соққан екі қыз ауруханадан шықты

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Бүгін Алматыда субұрқақта тоқ соғып, ауруханаға түскен 8 және 10 жастағы екі қыз үйлеріне шығарылды, деп жазады ЭК.

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдегендей, жеткіншектердің жағдайы жақсарғандықтан, үйлеріне шығарылды.

Екі қыз әрі қарай да дәрігелердің бақылауында болады. Ауруханаға түскен кезде екі қызға да бірінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған болатын. Қазір жағдайлары жақсы, — дейді аталған басқарманың баспасөз қызметіндегілер.

19 маусымда Алматы қаласындағы Цирк ғимараты жанындағы субұрқақта екі қыз бала мен бір әйел тоққа түсіп, куәгерлердің арқасында аман қалған болатын. Ал өз өмірін қатергі тігіп, зардап шеккендерді судан шығарып алған Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің 2-курс студенті Абылай Балапановты президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Құрмет" грамотасын марапатталды. Әйел әлі ауруханада жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров