Қарағанды облысында баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Балқашта баланы қағып, оқиға орнынан жасырынған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ЭК

Polisia.kz медиа-порталының хабарлауынша, 23 маусымда қаланың Желтоқсан көшесіндегі жол-көлік оқиғасы туралы полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Содан оқиға орнына жедел тергеу тобы жетеді.

Mazda-323 көлігінің иесі көше бойындағы дүкен жанында 3 жасар баланы қағып, қашып кеткен. Жарақат алған бала ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек алды. Қайта баланы періштесі қаққан.

Патрульдік полиция көп ұзамай тәртіп бұзған жүргізушіні ұстады. Ол өзінің кінәсін мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 245-бабы (Жол ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров