Алматыда сынған ағаш бұтақтары бірнеше көлікті бүлдірді (видео)

Шадияр ӨСТЕМІРҰЛЫ

instagram.com / dorogi_almaty_official

Алматыда ағаштардың бұтақтары құлап, бірнеше көлікті бүлдірді, деп хабарлайды ЭК.

Зардап шекккен автокөлік иелері тосын оқиғаны суретке, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеп жатыр. Сондай оқиғаның бірі кеше Желтоқсан және Абылай хан қиылысы маңындағы автотұрақта да болды. Ағаштың бір бұтасы құлап, жол жиегінде тұрған төрт машинаны және сол сәтте өтіп бара жатқан бір көлікті басып қалған. Абырой болғанда, адамдар аман. Қалада мұндай бірнеше оқиға тіркеліп отыр. Ағаш бұтақтарының құлауына түнгі дауыл себеп болған.

Оқиғаның мән-жайын ТЖ мамандары мен жергілікті учаскелік полицейлер анықтап жатыр.

"Мұндай жағдайда оқиға орнынан кетуге болмады. Көліктің бүлінген жерлерін суретке түсіріп, куәгерлерді табу керек және полицияға хабарласқан жөн. Хаттама толтыру барысында ешкімге шағымыңыз жоқ екенін айтпаңыз, бұл өтемақы алудан өз еркімен бас тарту ретінде қабылдануы мүмкін. Оқиға тіркелген соң шығын мөлшерін есептеп, ағаш үшін жауапты мекемеден өтемақы талап етіңіз", — деп кеңес беріп үлгерді Kolesa.kz.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров