Винокуров қызметінен кетті

Нұрболат АДЫРБЕК

Александр Винокуров / instagram.com/alexandrvinokurov

Велоспортшылар мен жанкүйерлер үшін халықаралық маңызды жарыс "Тур де Франс-2021-ге" бір күн қалғанда, «Astana-Premier Tech» велокомандасы директорлар кеңесінің мүшесі және бас менеджері Александр Винокуров қызметінен кетті, деп хабарлайды ЭК.

Бұл туралы бүгін Astana-Premier Tech командасының баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде айтылған.

Біз Александр Винокуровтың "Тур де Франсқа" қатыспайтындығын растаймыз. Өйткені ол команданың спорт жетекшісі қызметін тоқтатты. Александр бұрынғысынша, команда құрамында. Ол қазіргі уақытта команданың спорттық іс-шараларын басқармайды. Бірақ, жақын күндері басқа міндеттерді орындауға ауысатын болады"-делінген мәлімдемеде.

2012-жылы Лондонда өткен Олимпиада чемпионы Александр Винокуровтың осындай маңызды жарыстың қарсаңында қызметінен босатылуы біраз спорт сарапшыларын ойландырып тастады. Тіпті, бұл шешімге велошабандоздың өзі де таң қалған. "Шынында да, мені қызметтен босатты. Бұл туралы маған жылдың ең маңызды жарысы — Тур де Франс-қа бірнеше күн қалғанда жазбаша түрде хабарлады. Әрине, бұл шешімге таңғалдым. Велоспорт — бұл менің бүкіл өмірім екенін бәрі біледі", — деді Винокуров "РИА Новостиге" берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетсек, 26-маусым мен 18-шілде аралығында велоспортшылар үшін ең маңызды халықаралық бәсекелердің бірі Тур де Франс жарысы өтеді. Оған, еліміздің атынан дәл осы Александр жетекшілік ететін "Astana-Premier Tech" велокомандасы қатысады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров