Олимпиадаға жолдама алған қазақ қызы француз жігітіне тұрмысқа шықты

Бек ТӨЛЕУОВ

instagram.com / marcoturi85

Жеңіл атлетикадан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Жанна Мамажанова француз жігіті Марко Туриге тұрмысқа шықты, деп хабарлайды ЭК.

Марко Тури де спортшы. Ол 10 мың шақырымға жүгіруден Францияның үш дүркін чемпионы. Екеуі халықаралық жарыстарға бірге қатысқан. Сондай марафондардың бірінде танысқанын әлеуметтік желіде жазған болатын.

Жанна мамыр айында Аустрияда өткен лицензиялық турнирде Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.Ол 42 шақырым 197 метрді 2:29.01 сағатта жүгіріп өтті. Олимпиада нормативі — 2:29.30.

Енді бір айдан соң басталатын Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғайды.

Жүрегім ештеңеге қарамастан сүю үшін осы адамды таңдады. Мен сені сүйемін,

деп жазды спортшы қыз.

instagram.com / zhanmamazhaninstagram.com / zhanmamazhan
instagram.com / zhanmamazhan

Әлеуметтік желіде Марко Туридің Жанна Олимпиадаға жолдама алған кезде қуанышымен бөліскен жазбасы жүр.

Айта кетейік, Жанна Мамажанова — ұзақ қашықтыққа жүгіруге бейімделген спортшы. Көптеген халықаралық марафон жарыстарына қатысқан. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров