Пәтерін улаймын деп көршілерін өлтіріп алды

Жұмазия ОРАЗАЙ

© AP

Ақтауда пәтеріне зиянкес жәндіктерге қарсы у себемін деп көршілерін өлтіріп алған әйелге қатысты сот үкімі шықты, -деп хабарлайды ЭК

Ақтау қалалық соты баспасөз қызметінің мәліметі бойынша тұрғын ақпан айында өзі тұратын пәтерді жәндіктерден тазарту үшін дезинфекциялық жұмыстар жасаған. Ол "Квикфос" атты 1 санатты адам өміріне аса қауіпті улы дәрілік затты шашқан. Алайда көршілеріне ескертпей есігін жауып кетіп қалған. Ал, улы газ көрші пәтерлерге өтіп 10 айлық бала мен оның анасы қайтыс болды. Тағы бірнеше адам аураханаға түскен. Әйел өз кінәсін толық мойындап, барлық айыптаулармен келісті. Тек жазаны жеңілдетуді сұраған. Прокурор соттан кінәлі азаматшаны 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын ұсынған. Бірақ, Сот жағдайдың абайсызда болғанын ескеріп, оны жылға бас бостандығынан айырылды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров