Жағажайда екі жігіт төбелесіп, біреуі мерт болды

Фархат ӘБІЛОВ

Pxhere

Қостанай қаласының орталық жағажайында екі жігіт төбелесіп, бірі екіншісін ұрып өлтірген, деп жазады ЭК.

Қостанай облыстық Полиция Департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, үш ер адам орталық жағажайға демалысқа келеді. Жағажайда бөтен ер адам үшеуге тиісе бастап, араларында кикілжің пайда болады. Ашуға булыққан 23-жастағы жігіт бейтанысты ұрып өлтіреді.

Жәбірленуші дене жарақатынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдікті Қостанай қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, — деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 106-бабының 3-тармағымен (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан іс-әрекет) қылмыстық іс қозғалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров