Елбасы екпе салдырды

Экспресс К

ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған "Спутник V" екпесінің бірінші компонентін алды, деп хабарлайды ЭК Elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды.

Қазіргі таңда Қазақстанда үш миллионға жуық адам вакцина салдырды. Бүгін мен де коронавирусқа қарсы вакцина алдым. Барша қазақстандықтарды белсенді түрде вакцинация жасатуға, одан қорықпауға шақырамын. Әсіресе қазір вирустың жаңа штамы пайда болған кезде вакцина салғызудың маңызы ерекше. Бұл өз денсаулығымыз үшін керек. Біз күрделі уақытта өмір сүріп жатырмыз. Осы қиындықты бірлесіп еңсеруге тиіспіз. Баршаңызға шын жүректен мықты денсаулық пен бақ-береке тілеймін, — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров