Винокуровтың қызметтен кетуіне байланысты министрлік ресми түсініктеме берді

Нұрболат АДЫРБЕК

Александр Винокуров / instagram.com/alexandrvinokurov

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Александр Винокуровты "Astana - Premier Tech" командасының басшысы қызметінен босатылғанына байланысты, ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды ЭК.

Мәлімдеме министрліктің ресми сайтында жарияланды. "Мәдениет және спорт министрлігі Астана командасындағы Александр Винокуровқа қатысты болған жағдайға алаңдаулы. Министрлік спорт саласындағы уәкілетті орган ретінде дайындалып жатқан шешімдер туралы министрлікті жедел хабардар етпеді" — делінген министрліктің хабарламасында. Ведомство бұл шешімге алдағы уақытта заңды баға берілетінін де атап өтті.

"Қазіргі уақытта" Астана "ПСК (Президенттік спорт клубы) мен оның құрылымындағы барлық кәсіпқой спорт клубтарын, (оның ішінде "Астана" велокомандасы да бар) Мәдениет және спорт министрлігінің уәкілеттігімен басқаруына толық беру процесі жүріп жатыр. Жақын арада, аталған рәсімдер аяқталғаннан кейін, министрлік уәкілетті орган ретінде Астана велокомандасында болған барлық іс-әрекеттерге толық құқықтық баға беретін болады"-делінген.

Еске сала кетсек, бүгін түске дейін, "Astana-Premier Tech" велокомандасының директорлар кеңесінің мүшесі және бас менеджері Александр Винокуровтың қызметінен кеткені туралы айтылған еді. Бұл шешімге белгілі велошабандоздың өзі де таң қалғанын айтқанын жазған болатынбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров