Ресейде жүкті әйелдерге Covid-19-ға қарсы екпе салдыруға рұқсат берілді

Бек ТӨЛЕУОВ

Pxhere

Ресейде жүкті әйелдердің «Спутник V» вакцинасын алуына рұқсат етілді, деп хабарлайды ЭК.

"Бүгін вакцинаның қауіпсіздігін тексерудегі клиникаға дейінгі зерттеудің оң нәтижелерін, сондай-ақ, клиникалық зерттеулер мен тіркеуден кейінгі кезеңдегі тиімділік пен қауіпсіздік бойынша жинақталған деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге "Гам-ковид-вак" вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдады", — деді Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко.

Екпені коронавируспен қатты ауруы мүмкін аяғы ауыр жандар қабылдауына болады. Шешім клиникалық сынақтар нәтижесі негізінде шығарылды. Зерттеу барысында жүкті әйелдерде вакцинаның аса кері жанама әсерлері байқалмаған.

Бұған дейін Гамалея атындағы орталық басшысы Александр Гинцбург екпенің аяғы ауыр әйелдерге деген пайдасын айтқан. Оның ойынша, екпе жаңадан туған сәбиді де инфекциядан қорғай алады. Сондықтан Гамалея орталығы "Спутник V" вакцинасын 12 мен 17 жас аралығындағы балаларға егіп тексеруді қолға алмақшы.

Айта кетейік, Ресейде "Спутник V" вакцинасын 21 миллионнан аса адам салдырған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров