Болашақ әскери ұшқыштар жаттығудан өтіп жатыр

Кәмшат ҚОПАЕВА

ҚР Қорғаныс минитсрлігі баспасөз қызметі

Балқаш қаласындағы авиациялық оқу-жаттығу орталығында болашақ әскери ұшқыштар жетілдірілген ұшақпен даярлықтан өтіп жатыр,-деп хабарлайды ЭК.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Ақтөбе қаласындағы Т. Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштері әскери институтының 3-4 курсының 22 курсанты оқу-жаттығудан өтіп жатыр. Олар жаңартылған "Aero L-39 Albatros" ұшақтарымен жерден 600 метрге дейін көтеріліп, сағатына 300 шақырым жылдамдықпен шеңбер жасап ұшады. Жерді бауырлап келіп қайта көкке көтерілу секілді бұлтарыс техникаларды меңгеруде. Ауа райының қолайсыз күндері де жаттығу жасап, шыңдалып жатыр. Биылғы ұшу тәжірибесінің бір ерекшелігі — курсанттардың жаңа сандық авионика, катапульттеу жүйелері және объективті бақылау орнатылған жетілдірілген нұсқадағы ұшақпен ұшуы. Авиациялық оқу-жаттығу орталығы командирінің орынбасары подполковник Мақсат Буратаевтың айтуынша, "Aero L-39 Albatros" ұшағы түлектерді жоғары деңгейде даярлауға, әскери авиациялық кешендерді одан әрі меңгеруге кең мүмкіндік береді.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

Сондай-ақ Қарағандыдағы авиациялық оқу-жаттығу орталығының базасында, майдан және әскери-көлік авиация мамандықтары бойынша білім алып жатқан 38 курсант та жаттығудан өтіп жатыр. Олар "FK-14 B2 "Polaris" және "P2002 JF Sierra" бір моторлы поршеньді ұшақтарымен тәжірибесін шыңдауда. Курсанттардың Балқаштағы ұшу-жаттығу жұмыстары қазан айының, ал Қарағандыда қыркүйектің ортасына дейін жалғасады.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметіҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров