Сауда орталығына көлік үшін «көшіп» келді


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Нұр-Сұлтан қаласындағы ірі сауда орталығында екпе алғандар арасында ұтыс ойыны өтті, деп хабарлайды ЭК
Сауда орталығы ұтысқа "Hyndai Accent" жеңіл көлігін тіккен. Сонымен қатар вакцина салдырған азаматтардың екі бөлмелі пәтер ұтып алуына да мүмкіндік туды. Оны қалалық әкімдік ұйымдастырған. Ұтыс ойыны жаңадан екпе алғандарға арналды.


Хабарламаға құлағдар болған қала тұрғындары бірден сауда орталығының алдына қарай ағылды. Автокөлік пен пәтерден үміттенген қалалықтардың қарасы мол. Ұзын-сонар кезектің ұшы-қиыры жоқ.
Әрине, бұл ұтыстардан хабарым бар. Бірақ мен ең алдымен вакцина салдыруға келдім. Өйткені жұмыстан екпе алуымды талап етіп отыр,


Сауда орталығындағылардың мәліметінше, жеңіл көлік ұтысы басталған күннен бері тұрғындар арасында екпе салдыру еке есеге өскен. Сол күні екі сағаттың ішінде 350 адам вакцина салдырып үлгерді.