Австралиялық ғалымдар вакцинаны спрей түрінде шығарды

Болат МӘЖИТ

© AFP

Ғалымдар COVID-ке қарсы спрей түріндегі екпені клиникалық сынақтан өткізуді бастап кетті, деп хабарлады ЭК.

Бұл ақпарат Сидней университетінің сайтында жарияланды. Сынақтың алғашқы кезеңіне 150 ерікті қатысады. Олар 30 күн ішінде вакцинаның екі дозасын қабылдайды.

Вакцинаның мұндай түрін шығаруды австралиялық "Technovalia" және "BioNet" компаниясы бірлесіп қолға алып отыр. Екпе арнайы шашыратқыш құрылғы арқылы жоғары қысыммен адам денесіне сіңеді. Содан кейін адам ағзасында вирусқа қарсы иммундық жүйе қалыптасады.

АҚШ-та вакцинаның мұндай түрі тұмауға қарсы баяғыдан қолданылып келген.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров