Алатаудың етегінде тропикалық жеміс ағаштары өсіп тұр

Болат МӘЖИТ

© Болат МӘЖИТ

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қайназар ауылының тұрғыны Кенжеғали Сабыровтың үйіндегі шағын жылыжайда цитрус ағаштары жайқалып тұр, деп хабарлайды ЭК тілшісі

Сабыровтар отбасы 2002 жылы Қарақалпақстаннан атамекенге оралып, Қайназар ауылына көшіп келген. Кенжеғалидың мамандығы — инженер. Елге келген соң, құрылыс саласында еңбек еттті. Зейнеткерлікке шыққан соң бау-бақша өсіруді қолға алады. Міне, сол ермегі бүгін көпке үлгі болып отыр.

2016 жылдың күзінде Кенжеғали Сабыров базар аралап жүріп тропикалық жеміс ағаштарының көшетін сатып тұрған грузиндерге жолығады. Өзбекстанда болғанда лимон ағашының өсіп, жеміс бергенін талай рет өз көзімен көргені бар. Алайда, бұл көшеттер Алатаудың етегіне жерсіне қояр ма екен деп ойлады.

Осы туралы сатушылардан тәптіштеп сұрай бастадым. Тіпті грузиндерді көлігіме отырғызып үйге алып келдім. Олар жылыжайды асықпай аралады. "Ештеңеге алаңдамай көшеттерді отырғыза бер. Әлі-ақ жемісін жейсің" деді нық сеніммен. Нартәуекел дедім де 30 түп лимон, 30 түп апельсин, 30 түп мандарин және тура сол мөлшерде грейтфруд көшетін сатып алдым, — дейді Кенжеғали Сабыров.

Биыл міне, бесінші жыл. Лимон ағаштарының әр түбінен 10 келіден жеміс алынды. Апельсин мен мандарин де түйін тастапты.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров