Трамвай өлген адамды алты сағат бойы алып жүрген

Болат МӘЖИТ

Pixabay

Швейцарияда трамвай ішінде қайтыс болған адамды жүргізуші алты сағаттан соң бір-ақ байқаған, деп хабарлайды ЭК.

20 minuten порталы бұл оқиға Цюрих қаласында болғанын жазады. Трамвайда отырған 64 жастағы ер адамның жүрек талмасы ұстап, кенеттен қайтыс болған. Оның өліп қалғанын ешкім байқамапты. Сөйтіп, трамвай алты сағат бойы мәйітті тасыған.

Марқұмның балалары жүрегі қысылған адамды байқамай, бейқамдық танытқан жолаушыларға қапалы. Тіпті трамвай жүргізушісі де оған назар аудармаған. Тек алты сағат өткен соң ғана біліп, құтқару қызметі мен полицияға хабар беріпті.

Цюрих университеті жанындағы Құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу институтының оқытушысы Мелина Вегель мұндай оқиға сирек кездескенімен, жалпы алғанда Батыс қоғамының қатігезденіп бара жатқаны алаңдататынын айтқан.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров