Құрылысшылар екпе алмаса, құрылыс тоқтайды

Болат МӘЖИТ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Нұр-Сұлтан қаласында вакцина салған жұмысшылардың қатары аз болған жағдайда құрылыс нысаны өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды ЭК

Бұл туралы Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді.

Биыл Нұр-Сұлтан қаласында әлеуметтік нысандар құрылысы көптеп салынады. Соған байланысты жұмысшылардың да саны артады. Ең бастысы, уақыттан ұтылмау керек. Ол үшін құрылысшылардың жаппай вакцина алуы ортақ іске септігін тигізетіні анық.

"Ірі құрылыс компанияларының басшыларымен кездестік. Жұмыс жоспарын талқылап, уақытын белгіледік. Эпидемиологиялық жағдайды және нысанда жұмыс істейтін адамның көптігін ескере отырып, міндетті түрде вакцинациялау ұсынылды. Осылайша коронавирустың таралуы тоқтайды. Вакцинацияланған жұмысшылардың қатары аз болса, нысанның жұмысын тоқтатуға мәжбүрміз", — деп жазады қала әкімі Алтай Көлгінов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров