Жігіт жұртқа пышақ ала жүгірді. Қаза тапқандар бар (видео)

Экспресс К

Бейнеден кадр

Германияның Вюрцбург қаласында бір жігіт көшеде өтіп бара жатқандарға пышақ ала жүгірген, деп хабарлайды ЭК.

Bild газетінің жазуынша, осы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, алты адам жараланған. Ал кейбір ақпарат құралдары өлгендер мен зардап шеккендердің саны әзірге нақты емес деп отыр.

"Күдіктіні ұстадық. Дәл қазір екінші қылмыскер туралы ақпарат айтылмады. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ", –деді жергілікті тәртіп сақшылары.

Ұсталған 24 жастағы азамат Германияға Сомалиден барыпты. Оны полицейлер аяғынан атып әрең тоқтатқан.

Әлеуметтік желіде қаскөйдің адамдарға шабуыл жасап жатқанын көрсететін видеолар жарияланды. Қолында пышағы бар жалаң аяқ жігіт көшеде өтіп бара жатқандарға тап береді.

Бір тұстан "Ол жаңа ғана бір әйелге пышақ сұғып алды" деген айқай естіледі. Біреулер оған түрлі заттар лақтырып, шабуыл жасаушыны тоқтатпақ болған. Ақыр аяғында жалғыз өзі қырғын салған жігітті полиция қызметкерлері келіп ұстайды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров