COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 416442 ЖАЗЫЛҒАНДАР 390571 ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4295


©ЭК/Андрей ХАЛИН
Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 1 мың 730 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады сенбі күні Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).
Бір күн бұрын елде 1 мың 445 Сovid-19 оқиғасы анықталды.
Пандемия басталғалы бері елде барлығы 416 мың 442 covid-19 жағдайы расталды.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласында — 628,
Алматы қаласында — 217,
Шымкент қаласында — 73,
Ақмола облысында — 32,
Ақтөбе облысында — 31,
Алматы облысында — 41,
Атырау облысында — 89,
Шығыс Қазақстан облысында — 82,
Жамбыл облысында — 34,
Батыс Қазақстан облысында — 98,
Қарағанды облысында — 219,
Қостанай облысында — 36,
Қызылорда облысында — 28,
Маңғыстау облысында — 39,
Павлодар облысында — 35,
Солтүстік Қазақстан облысында — 21,
Түркістан облысында — 27.
Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 390 мың 571 адам емделді, оның ішінде 1 мың 165 адам соңғы тәулікте.