Көлігінің мемлекеттік нөмірін жасырған жүргізуші ұсталды

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

ПД баспасөз қызметі

Елорда көшесінде нөмірсіз жүрген Lexus IS300 көлігінің жүргізушісіне 20 АЕК көлемінде айыпппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды ЭК.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, астанада көлігінің мемлекеттік нөмірін жасырған 24 жастағы жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол көлігінің цифрлық және әріптік белгілерін жасыратын арнайы құрылғы орнатқан. Қолмен реттелетін бұл құрылғы машинаның мемлекеттік нөмірін жауып тұрады екен.

Осыны арнайы қолданған көлік иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жүргізушіге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе бір жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылады. Жиналмалы құрылғы алынып тасталды, құқық бұзушының көлігі коммуналдық автотұраққа жіберілді.

Осы орайда полиция мемлекеттік нөмірлерді өзгертіп көлік жүргізуге тыйым салынғанын ескертеді. Нөмірді жасыру және сәйкестендіру кезінде кедергі жасау заңмен қудаланады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров