Елімізде қанша адам COVID-19-ға қарсы екпе алды?


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Елімізде осы уақытқа дейін 3 миллионға жуық тұрғын коронавирусқа қарсы екпе салдырған, деп хабарлайды ЭК ДСМ мәліметтеріне сүйеніп.
Елімізде 25 маусымдағы мәлімет бойынша 2 997 072 адам екпенің I компонентін алса, II компонентін 1 829 643 адам алған.
Тұрғындары вакцина салдырған өңірлердің көш алдында Алматы қаласы (бірінші компонентті алғандар — 407 974) тұр. Одан кейінгі орындарда — Түркістан (бірінші компонентті алғандар — 337 401) және Алматы (бірінші компонентті алғандар — 310 929) облыстары.