Жұмбақ монолит - табиғи құбылыс па?

Гүлжан АБАЙҚЫЗЫ

themarketperiodical.com

Өткен аптада Алматы облысындағы Шарын шатқалында металл монолит пайда болды, деп хабарлайды ЭК The Market Periodical басылымына сілтеме жасап.

Жұмбақ монолиттің шығу тегі белгісіз. Атап айту қажет, осыған ұқсас ерекше металл бұған дейін АҚШ пен Румыниядада пайда болған. Бір қызығы көп ұзамай екі ескерткіш те жоғалып кеткен. Осындай табиғи ерекшелікке қызығушылар Қазақстанда пайда болған үшбұрышты металл призманы ғарыштан да байқауға болатынын айтады. Шарын шатқалында пайда болған ерекше металл туралы желі қолданушылары қызу талқылауда.

Айта кетейік, мұндай жұмбақ монолиттер 2020 жылдың қарашасынан бастап, әлемнің әртүрлі елінде пайда бола бастаған дейді шетел басылымдары. Кейбір монолиттердің биіктігі үш метрге жуықтайды екен.

Осындай жұмбақ металл жақында Орталық Африканың Конго Демократиялық Республикасында пайда болған. Алайда ел астанасы Киншастан шыққан 3,7 метрлік бағананы жергілікті тұрғындар қорғай алмады. Оған тас лақтырып, өртеп, монолиттың тас-талқанын шығарған.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров