Шпагатқа отырып, шекесімен жаңғақ шағатын қария

Қайрат ЗАЙНИШЕВ

© Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Түркістан облысындағы Кентау қаласының 77 жастағы тұрғыны Жеңіс Берікқараның сан қырлы өнері тұрғындарды тәнті етіп отыр, деп хабарлайды ЭК.

Жеңіс атаны жерлестері "Салауаткер" деп таниды. Өзі де әрдайым салауатты өмір салтын насихаттап жүретін ақсақал күнделікті белтемірге тартылып, жаттығулар жасайды. Шпагатқа отырып, шекесімен жаңғақ шағады.

© Қайрат ЗАЙНИШЕВ© Қайрат ЗАЙНИШЕВ
© Қайрат ЗАЙНИШЕВ

"Жас күнімде кеудеме тас қойып, балғамен ұрғызып сындыртатынмын. Қазір оғам шамам келмейді. Қартайдым. Бірақ жаттығуларды үзбеймін. Таңертең және кешкісін аулада спортпен шығылданамын. Баламды ертіп қала көшелерінде жаяу жүріп келемін. Мұның бәрі денсаулыққа өте пайдалы", — дейді қария.

© Қайрат ЗАЙНИШЕВ© Қайрат ЗАЙНИШЕВ
© Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Жеңіс Қошанұлы 11 жыл бойы "Мырғалымсайда" кенші болып жұмыс істеген. Ауыр еңбектен соң жаны мен тәнін тазалауды мақсат етіп, салауатты өмір салтын ұстануды жөн деп тауыпты.

© Қайрат ЗАЙНИШЕВ© Қайрат ЗАЙНИШЕВ
© Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Қазір қарияның көруі нашарлай бастаған. Денгенмен, қимылы ширақ. Бұрын белтемірге 25-30 тартылып жүрсе, қазір 10-15 рет тартылады. Мұздай суға түсіп, кір тасын да көтереді. Баспен тұрып, аяқтарын шынықтырады. Бұл қан айналымына өте пайдалы екен.

Ақсақал қалалық әкімдікпен келісіп "Сегіз сері" атты салауатты өмір салты орталығын ашқан. Онда қариялар аптасына үш рет жиналып, жаттығу жасайды. Алайда соңғы уақытта қарияның өзі клубтың жұмысынан қол үзіп қалған.

"Клуб мүшелерінің көпшілігі зейнет жасындағы жандар болды. Арасында жастар да бар. Бекзат Саттарханов атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде аптасына үш күн жиналып, әртүрлі жаттығулармен шынығып тұрамыз. Бірақ мен қазір барып жүрген жоқпын. Көзім нашар көретіндіктен мені ары-бері алып жүретін бір адам қажет. Ал балаларым жұмыста. Сондықтан қазір кішкене қол үзіп қалдым" — дейді қария.

© Қайрат ЗАЙНИШЕВ© Қайрат ЗАЙНИШЕВ
© Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Ақсалдың үйінің ауласынан сан алуан гүлдердің жайқалып өсіп тұрғанын көрдік. Ішінде канн, өркенді раушан, каляндра және тағы басқа да гүлдердің түрі көп. Әсемдік ағаштары да жайқалып өсіп тұр. Баршасын жұбайы екеуі отырғызып, көгалдануға жағдай жасаған.

"Осыдан бір-екі жыл бұрын өзім өсірген түрлі табиғи гүлдер мен жинақтаған кітаптарымның барлығын мәдениет сарайы мен орталық кітапханаға өткіздім. Олардың ішінде "Абай жолы", "Сырым батыр", "Манас" эпосы, "Батырлар жыры", Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Тахауи Ахтанов, Әнуар Әлімжанов, Бауыржан Момышұлы, Әзілхан Нұршайықов секілді қаламгерлердің кітаптары мен спорт, медицина тақырыбындағы өте сирек кездесетін еңбектер болды", — дейді қария.

© Қайрат ЗАЙНИШЕВ© Қайрат ЗАЙНИШЕВ
© Қайрат ЗАЙНИШЕВ

Салауаткер қария бұдан бөлек, қарапайым құрылыс материалдарынан түрлі композициялар жасаумен айналысқан. Мәселен, Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жылдары ескерткіш балбалтасты құрастырса, Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында майдангерлердің ерлігін бейнелейтін композиция жасапты. Ал зымыран макетінің ішінен гүл өсірген композициясы бейбітшіліктің белгісін көрсетеді. Кейіннен оның да бәрін қаладағы мәдениет сарайына табыстаған.

Жақында Жеңіс Қошанұлы үйінен мұражай ашты. Шағын ғана бөлмеде тарихтан сыр шертер 1000-ға жуық жәдігер бар.

"Экспонаттардан қол диірмен бар. Әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Ораза кезінде тарыны тартып аламыз. Одан бөлек атамнан қалған күміс құман бар. Үлкен жиында "Маңмаңгер" әнін орындағанда құлагердің ауыздығын сыйға тартқан. Соны қойып қойдым. Бауыржан Момышұлы киген күртешені келінінен сұрап алғанмын. Оны да іліп қойдым. Одан бөлек, өзім жазған және жинаған кітаптарым бар" — дейді ол.

Жеңіс ата бос уақытында кітап жазады. Бұған дейін "Аманат", "Салауаткер", "Қассақ" атты үш кітабы жарық көрсе, төрт жинаққа әңгімелері мен өлеңдері еніпті. Одан бөлек, ән айтады, қаражорғаны да нақышына келтіре билейді. Мектеп оқушыларымен және студенттермен жиі кездесіп, оларды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып отырады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров