Ерлан Қарин: "700 ден астам ауыл әкімінің сайлауы 25 шілдеде өтеді"

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Президенттің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Ерлан Қарин алдағы ауылдық округ әкімдерінің сайлауы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ЭК.

"Президент бастамашы болған саяси реформалардың екінші және үшінші пакетін іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі басталды. Еліміздің бірқатар өңірінде ауылдық округ әкімдерін сайлау күні белгіленген. 25 шілдеде бір мезгілде 700-ден астам ауыл әкімдерін сайлаланады. Қалған әкімдерді сайлау олардың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін өткізіледі", — деп жазды Ерлан Қарин Telegram каналында.

Ол бұл бастаманың іске асуын саяси жаңғырудың жаңа кезеңін айғақтайтын өте маңызды оқиға ретінде бағалап отыр. Сондықтан ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу — саяси жаңғырудың мүлдем жаңа кезеңі деп санайды.

"Бұл бастаманы алғаш рет мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте өзінің жолдауында айтқан болатын. Ал 2021 жылдың 24 мамырында Қасым-Жомарт Тоқаев заңнамаға ауыл әкімдерін тікелей сайлауды енгізуге мүмкіндік беретін түзетулерді көздейтін заңнамалық актілерге қол қойды. 5 маусымнан бастап сайлау заңнамасының жаңа нормалары күшіне енді. Нәтижесінде бір жылдан аз уақыт ішінде бұл бастама жүзеге асырылды. Жалпы, президент бастамашы болған саяси реформалардың аясында бүгіннің өзінде 10 заң қабылданды. Жыл соңына дейін бұл бағытта тағы бірқатар заң қабылдау жоспарланып отыр", — дейді ҚР президентінің көмекшісі.

Дерек: Еліміз бойынша қазір 2 мың 346 ауыл әкімі бар. Олардың 755-і биыл сайланады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров