Үндістандағы Джамана өзенінің бетінде улы көбіктер пайда болды

Экспресс К

©Arvind YADAV / hindustantimes.com

Нью-Делидің жартысын сумен қамтамасыз етіп отырған Джамана өзенінің бетінде улы көбіктер пайда болды, деп хабарлайды ЭК.

"Хабар-24-тің" мәлім етуінше, өзен бетіндегі улы көбіктер судың ластануынан пайда болған. Себебі қаладан күн сайын 3,5 миллиард литрдей кәріз суы шығарылады. Соның тек жартысы ғана тазартылады. Қалған су лас күйінде өзенге ағызылады.

Өзеннің осылай ластануы түрлі аурудың таралуына себеп болып отыр. Қала тұрғындарының айтуынша, судың ластанғаны сондай, өзенге түскен адамның үстіне жара шығып кетуі мүмкін.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров