Пәтер өртеніп, мүгедектің күтушісі қайтыс болды (видео)

Фархат ӘБІЛОВ

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қарағанды облысында үш бөлмелі пәтерде өрт болып, онда тұратын мүгедектің көмекшісі ыс тиіп қайтыс болды, деп жазады ЭК.

Оқиға Жаңаарқа ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерден бір ересек пен үш баланы шығарып үлгерген. Алайда иіс тиген екі адам естерінен танып қалады. Құтқарушылар оларды да шығарып, бірден ауруханаға жеткізген.

— Үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен көмірқышқыл газымен улану белгілері бар ес-түссіз жатқан екі әйел табылды. Зардап шеккендердің бірі, 1969 жылы туған әйел ауруханада қайтыс болды, 1961 жылы туған екінші әйелдің жағдайы ауыр. Зардап шеккен үй тұрғыны көру қабілеті нашар мүгедек. Ал қайтыс болған келіншек оның көмекшісі болған, — деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров