Жұмысқа адам тіркеп, жалақыны қалталарына басқан

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Тараз қаласы әкімдігіне қарасты коммуналдық мекеменің 6 қызметкері заңсыз жалақы алған, деп хабарлайды ЭК.

Бұл заңсыздықты Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті анықтаған.

Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Жамбыл-Су" шаруашылық жүргізу құқығындығы МКК-да жалақыны есептеу мен төлеудің заңдылығына жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 2020 жылдың тамызынан бастап 2021 жылдың ақпанына дейінгі аралықта жұмысқа заңсыз қабылданған және өз қызметтік міндеттерін орындамаған кәсіпорынның 6 жұмысшысына көлемі 6 млн 718 мың теңгеге жалақы заңсыз есептеліп, төленгені анықталды,- деп хабарлады Жамбыл облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит.

Ал, ай сайынғы жалақыны қызметкерлерді басқару бөлімінің мамандары, бухгалтері және кәсіпорынның бас экономисі алып келген. Қазіргі таңда оларға қатысты қылмыстық із қозғалды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров