Қырғызстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жойылды

Жұмазия ОРАЗАЙ

©Sputnik

Қырғызстанда жемқорлықпен күресетін құрылым жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ЭК.

24.kg-ның хабарлауынша, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров кәсіпкерлермен кездесуінде Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жойылғанын мәлімдеген. Ол осы туралы жарлыққа қол қойыпты.

Бұған кәсіпкерлерден арыз-шағымның қаптап келуі себеп. Яғни соңғы кездері бизнесмендерге қатысты қылмыстық іс қозғау дерегі тым көбейіп кеткен.

Жапаров бұдан былай Бас прокуратураның бинес жасау құқығын қорғаумен айналысатынын айтты.

Енді мемлекет бизнеске араласуды азайтады. Кәсіпкерлерге жақсы жағдай жасауға барынша күш салынады,

дейді президент әкімшілігінің өкілдері.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров