Атырауда уланған қарбыздардың саудасы қызып тұр


Pixabay
Атыраудағы ең ірі «Дина» базарында оңтүстіктен келген қарбыздардың құрамынан 4 есе көп нитрат анықталды, деп жазады ЭК.
Жаз мезгілі басталысымен Атыраудың ірілі-ұсақты базарлары мен сауда орындарында қарбыздың саудасы қызып тұр. Алайда, Оңтүстік пен Өзбекстаннан тасымалданған өнімнің құрамындағы нитрат шамадан тыс көп. Қалыпты норма бір келісіне 60 мг болса, қазір 160-тан 230-ға дейін жетіп отыр. Бірақ химиялық қосындыға қарап жатқан атыраулықтардыңқарасы аз.
— Көкіністер мен бау-бақша өнімдері сатып алынып, Ұлттық сараптама орталығына тапсырылған болатын. Сараптама нәтижесіне сәйкес, қарбыздан төрт есеге дейін нитрат көлемі артық екені анықталды. Сатушыларға қарбыздарды жою жөнінде нұсқама береміз, — деді "ЭК" тілшісіне Атырау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Ернар Әбілқайыров.
Қаладағы санитар мамандар сұраныстағы көкөністерге күнара мониторинг жасайды. Алайда, саудагерлерге қатаң шара қолдана алмай, тек ескертумен ғана шектелуге мәжбүр.