Қытайда аяғын сындырған қазақ футболшысы жасыл алаңға оралатын болды

Бек ТӨЛЕУОВ

prosports.kz

Қазақстан құрамасының 32 жастағы бұрынғы жартылай қорғаушысы Ұлан Қонысбаев бүгін «Тараз» командасының ойыншысы атанды, деп хабарлайды ЭК.

Қонысбаев — Жамбыл футболының түлегі. "Тараз" сапында алғашқы ойынын 19 жасында өткізген. Сондай-ақ "Астана", "Шахтер", "Қайрат", "Атырау", "Ақтөбе", "Оқжетпес" командаларында өнер көрсеткен.

Айта кетейік, футболшы 2016 жылы Даляньда өткен Қытай мен Қазақстан арасындағы кездесуде аяғын сындырған болатын. Осыдан кейін оның үлкен спорттағы жолы қиындап кетті. Италияға барып, екі рет ота жасатқанымен, бұрынғы бабына келе алмады. "Ақтөбе" және "Оқжетпес" командаларында жарақатына байланысты жарқырап ойнай алмады. Ал кейінгі екі жылда тіпті жасыл алаңға шыққан жоқ.

Ұлан Қонысбаев — 2011 жылы Қазақстанның үздік футболшысы атанған. Ұлттық құрама сапында 32 ойынға қатысып, 3 гол соққан. Оның жаңа командасы "Тараз" Қазақстан премьер-лигасында 20 ұпаймен тоғызыншы орында келе жатыр. Енді 28 маусымда Оралда "Ақжайықпен" кездеседі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров