Түркістан облысының қазынасына 123 млрд теңге түсті

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Жыл басталғалы Түркістан облысының бюджетіне 123 млрд теңгеге жуық кіріс түсті, деп жазады ЭК.

Түркістан облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, биыл облыстың кірісі айтарлықтай өскен. Мәселен өткен жылға салыстырғанда, биыл 34 млрд теңгеге көп кіріс түскен. Бұл өз кезегінде облыстың дамуын білдіреді.

Кірістің көбейгенін байқауға болады. Сондай-ақ облыста салық жүйесін цифрландыру бойынша да қарқынды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Кірістерді онлайн бақылап, мемлекеттік кірістер органдары көрсететін 44 қызметтің 38 түрін электронды әдісте алу мүмкіндігі қарастырылған. Облыс бойынша 2021 жылғы 5 айдың қорытындысымен 529 039 қызмет көрсетілген. Оның 77%-ы электронды түрде көрсетілсе, 23%-ы қағаз түрінде көрсетілген,- деді аталған департамент бастығының орынбасары Еркін Елшібеков.

Айта кету керек, осыған дейін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев қала құрылысына 445 млрд теңге қаржы жұмсалғанын айтқан болатын. Бюджет қаражатының барлығы "Нұрлы жер", "Нұрлы жол", "Ауыл — ел бесігі" мемлекеттік бағдарламалары аясында бөлінген.

2025 жылға қарай Түркістанға саяхаттап келушілердің саны жылына 2,5 млн адамға жетеді деп жопарланып отырғанын айта кету керек. Қазірдің өзінде күніне 8 мыңға жуық адам келеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров