БҚО-да қатаң карантин енгізілді

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері облыс аумағында қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізді, деп хабарлайды ЭК.

"Ashyq" жобасына қатысатын нысандарда еске алу шараларын өткізуді қоспағанда, ойын-сауық, ұжымдық, отбасылық, естелік іс-шараларды, оның ішінде үйде (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге және оларға қатысуға тыйым салынады", — делінген өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Сондай-ақ жабық үй-жайларда да, ашық жерлерде де (азық-түлік жәрмеңкелерін, оның ішінде ашық жерлердегі "демалыс күні" жәрменкелерін қоспағанда) жәрмеңкелер өткізуге рұқсат жоқ.

Жиналыстарды, кеңестерді, семинарларды, конференцияларды оффлайн режимде өткізуге шектеу қойылды. Мұндай жиындарды тек селекторлық режимде және бейнебайланыс арқылы өткізуге болады.

"Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану, сонымен қатар әлеуметтік қашықтықты сақтау арқылы жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен шұғылданумен айналысу жағдайларын қоспағанда, ашық ауадағы қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық көліктерде медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті болып табылады", — делінген қаулыда.

Қоғамдық көліктің жұмысына қатысты қарбалас уақытта автобустар санын көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада салонды дезинфекциялау құралдарымен өңдеу, барлық есіктерді ашу, тері антисептигі бар санитайзерлерді қолжетімді жерге орнату, отыратын орындарды саны бойынша толтыру қарастырылған.

Қаулының толық мәтінін мына жерден көруге болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров