БҚО-да 15 жастағы бала өзенге батып кетті


Pxhere
Батыс Қазақстан облысындағы Теректі ауданында Жайық өзеніне шомылуға келген 15 жастағы ер бала суға батып кетті, деп хабарлайды ЭК.
Қайғылы оқиға 25 маусымда болған.
— Ол арнайы жабдықталмаған, яғни жабайы жағажайда суға түскен. БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының іздеу тобы баланың денесін 22:45 шамасында судан тауып, шығарды, — дейді БҚО ТЖД баспасөз қызметіндегілер.
Жалпы, жыл басынан бері Батыс Қазақстанда 13 адам суға кеткен. Олардың ішінде 4 бала бар.