Тарихи ескерткішке смартфонмен барып ақпарат алуға болады

Фархат ӘБІЛОВ

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы 

Атырау облысы аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер мен киелі орындарға QR код тақталары орнатыла бастады, деп жазады ЭК.

Енді кез-келген адам тарихи орынға барған кезде сматрфонның камерасына тақтайшадағы кодты түсіру арқылы үш тілде жазылған ақпаратты оқып, қосымша суреттер мен бейнежазбаны көре алады. Қазіргі таңда арнайы кодтар интернет желісі бар аумақта орналасқан 80-ге жуық тарихи-мәдени мұра нысандарына орнатылған.

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығыАтырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығының мәліметінше, облыс аумағында 313 жергілікті, 4 республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері орналасқан.

— Жаңа тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтау мақсатында былтыр Жайық өзені бойына, яғни Махамбет және Индер аудандарының аумағына кешенді этно-археологиялық экспедиция жүргізіліп, нәтижесінде тарихи-мәдени маңызы бар тағы 107 нысан анықталған. Олардың басым бөлігі — ерте темір дәуірлік Сармат қорғандары, — деді "ЭК" тілшісіне Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы басшысының орынбасары Толыбай Достыбаев.

Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығыАтырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы
Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы

Жаңадан табылған тарихи ескерткіштердің мәртебелері анықталып, кейін QR кодпен қамтамасыз етілетін болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров