Елордада вакцина салдыруға ниет еткендер саны 5 есеге өсті

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Нұр-Сұлтанда өткен тәулікте вакцинаның бірінші компонентін тағы 7,5 мың адам алды, деп хабарлайды ЭК.

Қалалық әкімдік баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Елордада вакцина салдыруға ниет еткендер саны 5 есеге өскен.

"Өткен апталарда біз күніне 1400-2000 адамды вакцинацияладық. Бірақ соңғы күндері тілек білдірушілердің саны артып келеді. Жұрт өз денсаулығына, айналасындағы адамдардың денсаулығына алаңдай бастады. Коронавирустың жаңа қауіпті штаммы — "Дельта" (үнді штаммы деген атаумен белгілі) пайда болғалы екпе алатындар қатары артты. Соңғы тәулікте вакцина алғысы келетіндер саны бес есе көбейді", — деп атап өтті қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, ведомство түрлі кәсіпорындардың еңбек ұжымдарын вакцинациялауға арналған көшпелі бригадалардың жұмысы туралы да айтып өтті.

Біз еңбек ұжымдарын вакцинациялауды жалғастырамыз. Мысалы, екпенің бірінші компонентін коммуналдық қызмет, ПИК (МИБ) және т.б. қызметкерлері алды. Еңбек ұжымдарынан күніне бір мыңға жуық адам вакцинацияланды,

деп толықтырды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

26 маусымдағы жағдай бойынша барлығы 203 мыңға жуық азамат вакцинаның бірінші компонентін алса, 142,5 мың адам толық иммундаудан өтті.

Қала тұрғындарын вакцинациялауға ынталандыру үшін бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындары ұйымдастырылды. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов екі бөлмелі пәтердің ұтысы өтетінін жариялаған болатын. Пәтердің ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымынан 31 тамызына дейін вакцинаның бірінші компонентін алатын 18 жастан асқан қала тұрғындары қатыса алады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров