Жамбылда 16,5 тоннадан астам жабайы қара сора жойылды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Жамбыл облысында көліктің жүк салғышынан 97 келіге жуық марихуана табылды, деп хабарлайды ЭК.

Қазір өңірде есірткіге қарсы күрес жұмыстары күшейтілген. Мәселен, Жамбыл облыстық Полиция Департаменті қызметкерлері тоқтатқан көліктің жүк салғышынан 4 қапқа салынған 97 келіге жуық кептірілген марихуана табылды. Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.

— 20 күн ішінде Шу, Тұрар Рысқұлов және Байзақ аудандарының 450 гектар жер аумағында жабайы қарасора шабылып, 16 тонна 742 келі "сора тұқымдас өсімдік" өртелді. Бұл бағытта жұмыстар жалғаса береді,- деп хабарлады Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров