Тәліптер өз ықпалын күшейте бастады

Экспресс К

Pixabay

Ауғанстанның солтүстігіндегі екі аудан тәліп содырларының қолына өтті, деп жазады ЭК.

Соңғы апталарда "Талибан" ұйымы мен Ауғанстан үкіметінің арасында қарулы қақтығыстар болып, нәтижесінде елдің 70% аумағы тәліптердің қолына өткен. Осы аптада үш аудан үшін тағы да қақтығыстар болып, үкімет әскері тек қана бір ауданды қайтара алды.

Сондай-ақ тәліптер территориялық аумақты ғана емес, үкіметке тиесілі әскери техникаларды да өз меншігіне алып үлгерген. Қазіргі таңда "Талибан" содырларына қарсы тек үкімет әскері ғана емес, жергілікті халық арасынан құралған арнайы жасақ та қару алып, жерді қорғауға шықты.

Алдағы 2 апта көлемінде АҚШ әскері түгелдей Ауған жерінен шығарылуы тиіс екендігін еске сала кеткен жөн. Тек 650 жауынгер ғана қауіпті аймақтағы дипломаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Кабул аэропортында қалдырылады.

Ауған жерінен АҚШ әскерилерінің шығарылуына көршілес елдер қауіп білдіріп отыр. Мәселен, Өзбекстан өз территориясында әскеру жаттығуларды бастап кетсе, Тәжікстан билігі "Ауғанстанмен шекаралас мемлекеттердің барлығына қауіп төнуі мүмкін" деп Шанхай Ынтымақтастық Одағына мүше елдерге дабыл қағуда.

"Талибан" қозғалысы — Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров