Президентке қарулы шабуыл жасалды

Экспресс К

Reuters

Колумбия Республикасының президенті Иван Дуке мінген тікұшаққа қарулы шабуыл жасалды, деп жазады ЭК.

Президентке қастандықты Венесуэла шекарасы маңында жасамақ болған. Тікұшақта Президент Дукеден бөлек, елдің Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі және Солтүстік Сантандер провинциясының губернаторы болған.

Президенттің қауіпсіздік қызметі Колумбия-Венесуэла шекаралық аймағында орналасқан "Солшыл ұлт-азаттық әскери бірлестігі" деп аталатын террористік ұйым мүшелерінен күдіктеніп отыр. Бұл ұйымның содырлары осы айдың басында Кукута әскери базасы орналасқан аймақта жарылыс жасап, салдарынан 2 америкалық әскери кеңесші қаза тауып, 36 жауынгер жарақат алған еді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров