Жоғалған қыз бір аптадан соң табылды

Фархат ӘБІЛОВ

ПД баспасөз өызметі

Шығыс Қазақстан облысында 18 маусым күні ауылда жоғалып кеткен 12 жастағы қыз басқа қаладан табылды, деп хабарлайды ЭК.

— 18 маусымда жеткіншек Черемшанка ауылындағы үйден сыртқа шығып кетіп, сол күйі қайтып оралмаған. Полиция қызметкерлері мен волонтерлер жедел-іздестіру шараларына кірісті. Соның нәтижесінде, қыз 26 маусым күні Риддер қаласынан табылды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, — деп хабарлады Шығыс Қазақстан облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров